Таразда көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Таразда көлік ұрлаған күдікті ұсталды
1,044
оқылды
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ПБ-ның жедел басқару орталығына ықшамаудандардың бірінде тұратын 34 жастағы азамат түнгі мезгілде аулада тұрған Toyota Сamrу автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Ол өз көлігін сату үшін жарнама сайтына шығарғанын және бірнеше ер азаматтың келіп көргенін айтқан. Шығын көлемі 16 млн теңге. 27 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны анықталды. Ол көлікті тексеру кезінде арнайы техниканың көмегімен өзімен бірге алып келген кілтті автокөлікке орнатып үлгерген. Түнде келіп сол кілтпен көлікті ашып, Түркістан облысына айдап кеткен. Полиция қызметкерлерімен автокөлік Арыс қаласындағы жалға алынған үйлердің ауласынан табылды. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.