Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды
Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды
©24.kz
586
оқылды
Жасөспірімнің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды ІІМ. «Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімнің  денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мәйіті 11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған. Аталған дерек аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің  106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді», – делінген хабарламада. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.