Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті
Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті
Фото: Екібастұз ЖҚЖ
527
оқылды
Екібастұз қаласының 112 пультіне Қ.Сәтбаев атындағы арнаның тоғызыншы сорғы стансасында 1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Оқиға орнына төрт сүңгуір-құтқарушыдан тұратын Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы аттанды. Құтқарушылар сағат 19.30-да сүңгуір құралдарын пайдалана отырып, жағалаудан 40 метр қашықтықта екі балықшының біреуінің денесін шығарды. Сағат 19.52-де жағалаудан 70 метр қашықтықта екіншісінің денесі шығарылды», – деп хабарлады Павлодар облысы жедел құтқару жасағы.
Құтқарушылар балықшылардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды және мұздың үстіне шықпауға кеңес береді.