Бойжеткен жігітке өзі ұсыныс жасады
Бойжеткен жігітке өзі ұсыныс жасады
2,093
оқылды
Қазнетте бойжеткен өзінің жігітіне үйленуге ұсыныс жасаған видео тарады. Бұл туралы Massaget.kz хабарлайды. Бұл видео Тұрдалиева есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланып, 1 миллион қаралым, 79500 лайк жинаған. Кадрдан тізерлей отырған қыз өзінің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, саусағына сақина таққанын байқауға болады. Ал жігіт ойланбастан "иә" деп жауап береді. Бұл көрініске Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.
"Мәхірге не сұрайсың?", "Осындай қыз бұйырсын", "Ол иә деді", "Гүл бермегені ұят болыпты", "Осындайға жәймен келе жатырмыз", "Жетпегені осы еді", - дейді олар.
@turdaliyeva_d♬ оригинальный звук - turdaliyeva_d