Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жара­қаты салынған
Тағы бір студентті таяқтады
1,410
оқылды

Атырау облыстық бір топ жас­өспірім қатарласын аяу­сыз соққыға жыққан. Бұл ту­ра­лы Полиция департа­менті хабар­лады.

«Атырау қаласындағы колледж жатақханасының жанында 2007 жылғы жасөспірімге дене жара­қаты салынған. Осы дерекке қа­ты­сты Қылмыстық кодексі 293-бабының 2-бөлігіне сәйкес тер­геу жүргізу басталды. Сот-меди­циналық сараптама тағайын­далды. Күдікті ретінде 2006 және 2007 жылғы жасөспірімдер ұс­талды. Олар Атырау қаласындағы №2 полиция бөліміне жеткізілді», – деп хабарлады департамент­тің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балалар үйіндегі ұрып-соғу дерегіне байланысты тергеу басталғанын жазған едік. Кейін деректі арнайы комиссия тексеріп жатқаны хабарланды.

«Балалардың құқығын шектеу деген мәселе туындамауы керек. Біз бұл мәселеге ерекше назар ауда­рып отырмыз. Қазір облыстық Білім басқармасы жанынан арна­йы комиссия құрылды. Комиссия құрамындағы психологтер әр ба­ла­мен жеке әңгімелесіп, тексеру жүр­гізіп жатыр. Балалардың пси­хо­логиялық жағдайына баға бе­ріледі. Педагогикалық құрамның тәрбие жұмысына сараптама жасалады. Арнайы комиссияның тексеру қорытындысы туралы кейін хабарлаймыз», – деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.