Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанда этнос өкілдері алғыс айтты

Барыс Нұрлан
Наурыз 1, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Түркістанда этнос өкілдері алғыс айтты

Түркістанда көктемнің алғашқы күнімен бірге келген шуақты мереке – 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Атап айтқанда, түркі халықтарының рухани орталығында депортация жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өкілдері депортация жылдары қолдау көрсетіп, қорған болған қазақ халқына алғыс айтты.

Түркістан облысында 2 млн-нан астам тұрғын бар. Түркі халықтарының рухани орталығы Түркістан қаласының тарихи өлке, киелі мекен екені белгілі. Қай кезеңді алып қарасақ та, мұнда бірнеше ұлт өкілдері бірлік пен ынтымақтастықта күн кешіп келеді. Сол себепті Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету күні деп айтуға болады. Айтулы мерекенің құрметіне қала орталығындағы «Жеңіс» саябағында үлкен іс-шара өтті.
Ұлтаралық татулықты ту еткен шарада облыс аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің басы қосылып, қазақтың киіз үйі тігілді. Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген этнос өкілдері қазақ жерін, әсіресе қасиетті топырақты қоныс еткендерін қуанышпен жеткізді.


Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, барлық ұлт өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.
«Бүгінгі идеологиялық мәні зор іс-шарада осы өңірде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері бас қосып, қазақтың қарашаңырағы – қазақ үйді бірге құруға атсалысады. Өткенге – салауат, келешекке – аманат айта отырып, біз келер ұрпаққа үлкен үміт артуымыз керек. Ұрпақтар сабақтастығы, ұлттар арасындағы достық, еліміздің тыныштығы келер буынның еншісінде болмақ»,- деген облыс әкімінің орынбасары барлық ұлт өкілдерімен бірге киіз үйдің шаңырағын тігіп, биікке көтерді.

Одан кейін сөз алған шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Хусейн Дидсеев бұл мерекенің бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталып, Қазақ халқына өзінің айрықша алғысын жеткізді.
Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып, қазіргі таңда үлкен қолдауға ие болған «Қамқорлық» бағдарламасы осы шарада да өз жалғасын тапты. Түркістан қаласында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Олардың әрқайсысына жеке куратордан бекітіліп, алдағы уақытта да бақылаудан тыс қалдырмайтындығын жеткізді.

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлау бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады

COVID-19: Қостанай мен Түркістан облысынан басқа өңірде ахуал нашар

Көктемгі тасқынға кім жауапты?


Мерекелік шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері ұлттық тағамдардан дәм татып, этнос жастарының өнерін тамашалады.
Айта кетейік, өңірімізде 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық, қалалық 7 филиалы мен 14 өкілдегі жұмыс жүргізеді. Әр этностың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениеті мен тілін дәріптеу бағытында этномәдени бірлестіктер жанынан 4 жексенбілік мектеп пен 8 жастар қанаты әрекет етеді.
Тельман БЕЙСЕНОВ,
Түркістан облысы

 
ID: 0
Тегтер: 1 наурызАлғыс айту күнікөктемтүркі этностарыТүркістанэтностар
Алдыңғы жаңалық

1 наурызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда күн жылы болады

Келесі жаңалық

Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Ұқсас жаңалықтар

такси
Жаңалықтар

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат
Nur Otan

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021
несие
Жаңалықтар

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 2021
Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті
Жаңалықтар

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 15:56

Қарағанды облысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді

Сәуір 16, 15:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

такси

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
әл-ауқат

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»