19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын талқылайтын жиын өткізеді
1,284
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға Премьер-Министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.