Оқиға Қарағанды облысында болған.
Мектептің жаңадан салынған спортзалы мен асханасы желден құлап қалды
2,527
оқылды

Ағадыр кентінде Ә. Ермеков атындағы мектептің жанынан салынып жатқан асхана мен спортзал желге шыдамай құлап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ғимараттың құлаған видеосы әуел баста әлеуметтік желіде жарияланды. 

«Шет ауданы Ағадыр ауылында Ермеков атындағы орта мектепте құрылыс жұмыстарын  «Ер-Қанат сервис» құрылыс компаниясы бастаған болатын. Келісім 2021 жылы жасалған. Бірақ бұл кәсіпорын жұмыс кестесін кешіктірген. Нысанды тексеру кезінде заңбұзушылық анықталды. Сметалық құжаттамада көрсетілген бағаға сәйкес келмейтіндіктен, тірек қабырғаларының кірпішін бөлшектеу туралы бұйрық берілді. Бөлшектеу қазірдің өзінде жүргізілді. Желден болу керек  осы нысан құлап қалған», – деп мәлімдеді Құрылыс басқармасы басшысы Мұрат Мағзин. 

Мектеп асханасы мен спортзалды сала алмаған мердігермен басқарма келісімшартты тоқтатты. Енді құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігерді анықтап жатыр.