Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиын өтті.
Кеңесте азық-түлік бағасы, Маңғыстаудағы жұмыссыздық, бай-бағланның шетелдегі активтері, субсидия мәселелері жеке-жеке талқыланды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мәселесі де айтылды. Президент тұрғындардың ресми статистикаға иланбайтынын да тілге тиек етті.
«Әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жөндеу арқылы ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту – әкімдердің басты міндеті. Ауыл тұрғындары таза сумен және тұрақты электр қуатымен толық қамтамасыз етілуге тиіс.
Сондай-ақ мобильді байланыс және интернет қолжетімді болуы керек. Елге қаптаған статистика емес, нақты нәтиже, жылдам интернет, сапалы байланыс керек», – деді.
Айта кетейік, Президент Қазақстанда табыс тауып, шетелде шашудан арылу керек екенін де ескертті.