Ақтөбеде үй өртеніп, екі кішкентай бала қайтыс болды. Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелген.
Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала көз жұмды
601
оқылды

112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

"Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жер үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы 40 шаршы метр", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.