Әлеуметтік желіде Самұрық-Қазына ұлттық компаниясының өкілі Мәулен Айманбетовтың депутаттарға берген біртүрлі жауабы қызу талқыланып жатыр.
Ауылдағылар жалақы алған күні ішіп кетеді – Самұрық-Қазына өкілі
414
оқылды

«Тендердер ұтып алған құрылыс компанияларына сол ауылдың жастарын жұмысқа тарту мәселесі қаншалықты деңгейде талап етіледі?», – деп сұрайды депутат Аманжол Әлтаев одан.

Бұл сұраққа Самұрық-Қазына өкілі Айманбетов былай деп жауап береді:

«Бұл жерде былай ғой, жергіліктілер бірінші айлығын алған күні ішіп кететін аурулары бар. Әйтпесе, олардың жұмыс күші арзан, жақсы ғой...»

Осы жауабы үшін Айманбетовке депутаттардың бірі ескерту жасады.