Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ал Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.