Ол 8-қабаттан секірген.
Ақтөбеде тағы бір әйел көпқабатты үйден секіріп кетті
1,849
оқылды

Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінен 27 жастағы әйел секіріп кетті, –  деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйден 1996 жылы туған әйел секіріп кетті. Ол 8-қабаттан секірген. Қазір себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр», –  деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты үйдің 18-қабатынан екі әйел секіріп кетті.

Оның бірі –  31 жаста, екіншісі –  56 жаста. Оқиға 24 сәуір күні сағат 01.48 шамасында болған.

Патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдынан екі әйелдің денесін тапты.

Қылмыстық кодекстің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.