Ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысатын боксшылардың тізімі жарияланды
1,491
оқылды

Ташкентте 1 мамыр алауы тұтанатын бокстан әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жарияланды.

Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.


Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді.

 

Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар:

48 келі – Санжар Тәшкенбай

51 келі –  Сәкен Бибосынов

54 келі – Махмұд Сабырхан

57 келі – Серік Теміржанов

60 келі – Талғат Сырымбетов

63,5 келі – Санатәлі Төлтаев

67 келі – Дулат Бекбауов

71 келі – Асланбек Шымбергенов

75 келі – Нұрқанат Райыс

80 келі – Нұрбек Оралбай

86 келі – Сағындық Тоғамбай

92 келі – Айбек Оралбай

+ 92 келі – Қамшыбек Қонқабаев