Астанада Қазақстан – Чехия бизнес-форумы өтті. Халықаралық іс-шараға екі ел Үкіметтерінің басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысқан.
230 млн еуроға келісімдер жасалды
1,163
оқылды

Бизнес-форум аясында плен­арлық отырыс өтіп, B2B форматында екіжақты кездесу­лер болды. Әлихан Смайылов өз сөзінде қазіргі уақытта рес­пуб­лика аумағында 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

«Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске қосу­ға қызығушылық танытуы – біздің еліміздегі қолайлы инвес­тиция­лық ахуалдың шынайы көрінісі. Бізде серпінді инвес­тициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті алғышарт бар», – деді Әлихан Смайылов.

Ол Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып қала бере­тінін еске салды. Осылайша, тәуелсіздік жылдарында рес­пуб­лика 410 млрд доллардан ас­там тікелей шетелдік инвес­тиция тартуға қол жеткізді.

«Біздің стратегиялық мін­детіміз – 2029 жылға дейін тағы 150 млрд доллар инвестиция тарту. Еліміздегі инвесторлар үшін салықтық жеңіл­діктер, ке­дендік төлемдерден босату және тағы да басқа түрлі мем­лекеттік қолдау шаралары көз­делген. Экономиканың басым секторлары үшін бөлек арнайы экономикалық және өнер­кәсіптік аймақтар бар. Олардың қатысушылары барлық қажетті инфрақұрылым мен жеңілдіктер пакетін алады», – деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы инвес­ти­ция тартудың маңыз­ды алаңына айналған, тиісті қаржы құрал­дары мен қызметтерінің толық жиынтығына ие «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығы­ның қызметін ерекше атап өтті. Орталықтың табысты жұмысы­ның дәлелі – онда қазірдің өзінде әлемнің 73 елінен 1 800-ден астам компания тіркелген. Бизнес-форум қорытындысын­да Skoda Transportation компа­ния­сымен, EGAP экс­порт­тық сақтандыру агенттігімен, Че­хия­ның экспорттық банкімен, Тransco компаниясымен жалпы құны 230 млн еуроны құрайтын меморан­думға және басқа да құжаттарға қол қойылды.

«Біздің форум аясында 230 млн еуро сомасын­дағы бір­қатар құжатқа қол қойылуда. Соның негізінде түрлі бірлескен жо­баны жүзеге асыру жоспар­ланып отыр. Біз чехиялық әріптес­тер­мен инвестициялық ынтымақ­тас­тығымызды одан әрі терең­детуге дайынбыз және ниет­теміз», – деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

Сөз соңында Әлихан См­а­йы­­лов Астанада өтіп жатқан бизнес-форум Қазақстан мен Чехияның өзара сауда-эко­но­микалық қарым-қатынастарын тереңдетуге тың серпін бере­тінін атап өтті.