Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады.
ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
969
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайын­дал­ған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибе­сі жаңа жауапты қызметті атқаруға септігін ти­гізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Президентке ҚХА Төраға­сының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сес­­сия­сына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақ­тылық қоғам өмірінің барлық саласында жүр­гізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуы­ның басты шарты екенін атап өтті. Мем­лекет бас­шысының айтуынша, Ассам­блея бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.

Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассам­блеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.