Polisia.kz-тің дерегінше, 20 сәуір сағат 18.15 шамасында Бакинская көшесінде үйдің жертөледегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады.