Жел екпіні күшейіп, батыс және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.
Ауа райы: дауыл соғып, күн суытады
1,788
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстанда 27-29 сәуір аралығында ауа райы құбылмалы болады. 

Болжам бойынша, алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының атмосфералық фронты ықпал етеді. Батыста, солтүстік-батыста, одан кейін шығысқа ауысқан сайын солтүстік, орталық және шығыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Республика бойынша жел күшейіп, батыс және оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-33 градусқа дейін, оңтүстікте 27-35 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-30 градусқа дейін көтеріледі. Елдің қалған аумағында 27-28 сәуірде қазіргі температуралық фон сақталады, алайда 29 сәуірде түнде 2-10, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Фото: hakmar.ru