Ішкі істер министрлігі автоконструкторларды тіркеуге алады.
Шетелден қосалқы бөлшек ретінде әкелінген көліктерді заңдастыру қашан басталады?
1,015
оқылды

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бастап 200 мыңға жуық көлік онлайн тексеруден өтті. Оның ішінде, құжаты түгел 100 мыңнан астам көлік заңдастырылды. 

Сонымен қатар қазір  Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. 

Жоба Үкіметтің қарауында жатыр. Келесі аптада қол қойылады деп күтіп отыр. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Содан кейін  автоконструкторларды тіркеуге алуға кіріседі.