Оқыс оқиға Қызылорда қаласында болған.
Жекеменшік мектепте оқушылардың үстіне шкаф құлады
1,271
оқылды

Қаладағы жекеменшік мектепте оқушылардың үстіне шкаф құлап, 4-сынып оқитын 9 жастағы қыз қатты зардап шекті. 

Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді. Қалалық білім бөлімі оқиғаның болғанын растады.

«Зияткерлік мектептің басшылығы зардап шеккен оқушыға көмек көрсетіп жатыр. Қалалық ішкі істер басқармасы тергеу жүргізеді», – деді басқарма өкілі.

Ал Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы қыздың ауыр халде түскенін хабарлады.

«Қыз бүйрек жарақаты, қуық контузиясымен ауруханаға жатқызылды. Сан сүйегінің ығысқан сынығы, бірінші бел омыртқасының көлденең өсіндісінің жабық ығысқан сынуы диагнозы қойылды», – деді дәрігерлер.

Полицейлер ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша тергеуді бастады.

Фото әлеуметтік желіден алынды.