Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйде болған, балағат сөздер айтып, айналаны ластаған.
Қытайдың 4 азаматы Алматы әуежайында рейстен түсірілді
2,665
оқылды

Масаң күйдегі Қытай Халық Республикасының төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында әуе рейсінен түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар туралы хабарлама келіп түcкен.

"Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтары анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйде болған, балағат сөздер айтып, айналаны ластаған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқық бұзушыларда алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесі анықталды", - делінген полиция хабрламасында.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.