Тағы бір қазақ қызы кәріс жігітінің етегінен ұстады. Бұл видеодан байқағанымыз, жастардың үйлену тойы кәріс халқының жөн-жоралғысымен өтіп жатыр. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбадан күйеу баланың қызымыздың аяғына жығылып жатқанын аңғаруға болады.
Аяғына жығылды - тағы бір аруымыз кәрістің тұқымын көбейтеді
1,602
оқылды

Желі қолданушыларының  бірі бұл некені қолдаса, бірі қарсы пікірде.

«Дұрыс, өте дұрыс! Екі жас бақытты болсын!", "Қазақ асырап-бағып өсіреді екен, бірақ ессіз қыздары кетеді екен басқа ұлты, діні бөлекке…", "Қайран қазақ қыздары, кетіңдерау жат елдіктің етегіне жармасып. Не дейміз енді? Бақытты болсын!» деген пікірлер бар жазбаның астында.

Тағы бір желі қолданушысы "Жалпы бақытты болсын. Бірақ өз басым қаламаймын қазақ қызының өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанына. Себебі басында бәрі тәтті болады. Тұрмыстық өмірде адамның шынайы келбеті ашылады. Сосын салттары басқа болады,сіңісуі қажет. Қазақтарға тұрмысқа шықсаңыздар көпшілігі жақсы жігіттер. Тек жігіт таңдарда иманы мен мінезіне қараңыздар және болашаққа деген талпынысына", - деген.