Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ерімбетов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Полицияға хабар 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында түскен.
Мәйітте дене жарақаты жоқ. Полицейлер көз жұмған адамның жеке басын анықтады. 1984 жылы Өзбекстанда туған ер адам Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды.
Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.