Әлем чемпионатының төртінші күні Қазақстаннан екі боксшы рингке шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін 1/16 финал Астана уақытымен 14.00-де басталады. Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) Ришарно Колинмен жұдырықтасады.
Кешке сағат 19.00-де басталатын бәсекеде Қамшыбек Қоңқабаев (92+) ресейлік Алексей Дроновпен өзара мықтыны анықтайды.
Кеше үміт артқан боксшымыз Талғат Сырымбетов жарыстан жарты жолдан шығып қалды.