Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты
Ақтөбе облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты
Полиция мәліметінше, 4 мамырда Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолы бойында Nissan Almera мен Shacman жүк көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, ал жүк көлігі аударылып қалған.

"Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда елдімекеніндегі аудандық ауруханаға жеткізілді", делінген полиция хабарламасында.