Шекарашылардың айтуынша, мереке күндері екі ел арасында қатынайтын адам саны көбейеді.
ҰҚК Шекара қызметі: Қазақ-өзбек шекарасында ұзынсонар кезек көбейді
2,512
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, қазақ-өзбек және қазақ-қырғыз шекарасында мереке күндері кептеліс болып жатыр. 

«Шекараның Қазақстан – Өзбекстан және Қазақстан – Қырғызстан учаскесіндегі өткізу пункттерінде жолаушылар күрт көбейді.  Сондықтан көліктің де, жолаушының да қарасы көп. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттері мереке және демалыс күндерін ескере отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Шекарашылар қосымша күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Сабыр сақтап, халықаралық сапарды жоспарлағанда көрсетілген ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін 7-9 мамыр аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөліктерді өткізу пункттері жұмыс істемейтінін хабарлаған болатынбыз.