Қазақ елінің намысын қорғаған Нұрқанат Райыс қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ол 75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда доминикандық Дельгадо де Лос Сантоспен жұдырықтасты.
Нұрқанат Райыс 1-раундта нокдаун алды, жарыс соңында төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін күтпеген жерден жеңіліп қалған Сәкен Бибосынов Халықаралық бокс федерациясының президентінен араша сұраған еді.