Петропавлда өрт сөндірушілер желдің екпіні күшейгендіктен алапат өртті сөндіре алмай жатыр.
Петропавлдағы алапат өрт: жанып кеткен үйлердің саны 9-ға жетті
33
1,024
оқылды

«Береке» ықшамауданында түгі қалмай жанып кеткен үйлердің саны 9-ға жетті.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының әкімі, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары оқиға орнына барды. Арнайы штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. 

«Сағат 19.00 шамасында «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп жатқаны жайында хабар түсті. Жел екпіні 15-20 м/с жетті. Күн ыстық болғандықтан өрт өте тығыз орналасқан жеке тұрғын үй секторына тез жайылды. Сол уақытта Петропавлда төрт жерден өрт шығып, біздің жұмысты қиындатып жіберді. Қураған шөп өртенді. Өрт әлі де толық ауыздықталған жоқ. Өйткені жел басылмай тұр. Тоғыз үй өртенді. Зардап шеккен адам бар. Қала тұрғынын қалалық аурухана дәрігерлері тексерді. Өртті сөндіріп жатырмыз», – деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Бұған дейін төрт үйдің түгі қалмай жанып кеткені туралы жазған болатынбыз.