Өзбекстан астанасы Ташкентте Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Джалолов жекпе-жегі қай күні өтеді?
6,567
оқылды

Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ширек финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қамшыбек Қоңқабаев бүгін сириялық Мохаммед Млайесті жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

Қарсыласы  Баходир Джалолов аустралиялық Теремоан Джуниорды жеңді.

Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Джалолов кездесуі 10 мамырға белгіленді.

Қос мықтының сайысын жанкүйерлер асыға күтеді.