ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сыры көше бастады.
Ылғал тартқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеуге 317 миллион теңге бөлінді
2,819
оқылды

Қазір кесененің күмбезі мен кей бөлмелерінің қабырғасы ылғал тартып, тұзы шығып тұр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сәулетшілер Кеңес заманында кесене айналасында жерасты суын реттеп отыратын дренаждар мен бірнеше ұңғымалар қазылғанын айтады. Алайда уақыт өте келе істен шыққан. Биыл «Кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарына» қазынадан 317 миллион теңге бөлінді. Кесененің қабырғалары мен күмбезіне ылғал мен ауаның тығыздығын анықтайтын есептегіш құралдар орнатылған. 

«ҚазҚайтаЖаңарту» РМК Бас директорының орынбасары Исабек Нұрмағамбетовтің айтуынша, Ресейдегі реставрация ғылыми-зерттеу институты мамандарымен келіссөз жүргізіп жатыр. Зерттеу аяқталған соң ғылыми жаңғырту жұмысы жүргізілмек.

Бұл мәселе туралы бұған дейін «Кесенеден күй кетті ме?» деп мамандардың пікірін жарияланған болатынбыз.