Полицейлер жолда сақ болуды ескертеді.
Қараусыз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі қаза тапты
1,131
оқылды

Жетісу облысында қараусыз жүрген жылқы жолға шығып кеткен. Иесіз жүрген жылқының кесірінен көлік жүргізушісі қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі Үшарал – Достық тасжолының 48-шақырымында жолда бос жүрген жылқымен соқтығысқан. 

Жол апатынан 44 жастағы ер адам қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жыл басынан бері облыста 126 жол апаты тіркелді. 36 адам қаза тапты. 186 адам жарақат алды.