Екінші раундта да төрешілер қазақстандық боксшының жеңгенін растады.
Бокстан ӘЧ: Санжар Тәшкенбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, жартылай финалға өтті
764
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Ташкенбай (48 келі) жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешкі сессияда ел құрамасынан Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратакемен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы минутынан қарсыластар бірден шабуылға көшті. Санжар көбірек соққы жұмсауға тырысты.

Нәтижесінде ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер бірінші раундта Санжардың басымдығына қолдау білдірді.

Екінші раундта да төрешілер қазақстандық боксшының жеңгенін растады.

Осылайша Санжар Тәшкенбай қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды.