Жолдама алған спортшы саны жағынан Өзбекстан көш бастап тұр.
Әлем чемпионаты: жартылай финалда қазақ боксшыларының қарсыласы кімдер?
2,880
оқылды

Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына қазақ елінен 5 боксшы өтті. 

Жолдама алған боксшылар саны жағынан 9 боксшысы жартылай финалға өткен Өзбекстан құрамасы алда тұр. Одан кейін Куба мен Ресейден 6 спортшыдан бақ сынайды. Қазақстан бес боксшымен төртінші болып тұр.

Грузия, Үндістан, Франция және Испаниядан – 3 боксшы, Армения, Моңғолия, Бразилия, Әзербайжан – 2, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Қытай, Мексика және Италия бір-бір спортшысы жарысқа қатысады. 

Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары мыналар:

  1. Санжар Тәшкенбай (48 келі) – таиландтық Вуттичай Юрачай.
  2. Махмуд Сабырхан (54 келі) – кубалық Йосвани Вейти.
  3. Дулат Бекбауов (67 келі) – грузин Лаша Гурули.
  4. Асланбек Шымбергенов (71 келі) – үндістандық Нишант Дево.
  5. Нұрбек Оралбай (80 келі)  ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жартылай финал 12 мамырда өтеді. 13-14 мамыр күндері финалда әлем чемпиондары анықталады.