Мереке күндері балабақшада жұмыс орнында күзетшіні өлтіріп кеткен. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті факті бойынша ҚК-тің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел адам қамауға алынды.
Бұған дейін Теміртауда балабақша медбикесі мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескені туралы хабарлаған болатынбыз.