Алматыда су үнемдеу талаптарын сақтамаған 7 көлік жуу орны сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылды.
Еске салайық, 28 қазанда Астанада өткен Құрылтай отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз судың пайдаланылуын сынға алған болатын.
Осы тапсырмадан кейін Алматының Әуезов ауданындағы 60 көлік жуу орны тексерілді. Нәтижесінде нысандардың 90 пайызы суды қайта пайдалану жүйесін қолданатыны анықталды. Ал қажетті жабдықтары жоқ 7 нысан судан ажыратылды.
Оларға су тек тиісті қондырғылар орнатылып, тексерістен өткеннен кейін қайта беріледі.
