Палата Спикері Ерлан Қошановтың төра­ғалығымен өткен Мәжіліс Бюросында 15 ма­мырдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Жаңа заң жобасы қаралады
738
оқылды

Депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

Заң жобасына Парламент депутаттары бастама­шы болды. Оның негізінде 2 кодекс пен 11 заңға өзгеріс енгізу көзделуде. Атап айтқанда, арнаулы мем­лекеттік органдардағы қызмет тәртібін жетіл­діруге бағытталған нормалар қарастырылған. Сон­дай-ақ әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорын­дарын жекешелендірілгеннен кейін де мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін түзетулер бар.