80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.
Әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды
2,352
оқылды

Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.

Шымбергенов 71 келі салмақ дәрежесінде өзбек Саиджамшид Жафаровпен «алтын» үшін белдесіп, төрешілер жеңісті бірауыздан Асланбек Шымбергеновке берді.

Енді Қазақстаннан шығатын бір боксшы қалды. 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.