Әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA-ның екі еселенген сыйақысын алады.
Бокстан әлем чемпионаты: жүлде алған қазақ боксшылары қанша сыйақы алады?
10,086
оқылды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

Әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA-ның екі еселенген сыйақысы –  200 000 доллардан алады.

Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан қарастырылған.

Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі гонорарлары: 

1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

2. Махмұд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);

5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақта вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).