Биыл мектептердегі соңғы қоңырау салтанаты мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамырда аталып өтіледі.
Вице-министр мектепте соңғы қоңырауға ақша жинау заңсыз екенін тағы да ескертті
2,578
оқылды

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова брифингте оқу жылының соңында мектепте қаржы жинауға тыйым салынғанын тағы ескертті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

«Қазақпараттың» дерегінше, 9-11-сынып түлектері бітіру емтиханын тапсырады. 9-сыныпты бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. 11-сынып мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым арасында тапсырады. Аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылады.

«Мектеп бітіруші түлектер сән-салтанатты кеш өткізу немесе сыйлық үшін ақша жинауға, аниматорлар, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады», – деді вице-министр Шолпан Каринова.

Бұған дейін Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы тікұшаққа тапсырыс берген ата-аналар бар екені туралы айтқан еді.