Азаматтардың жеке деректері туралы мәліметтер құпия сақталады.
Шілде айынан бастап ХҚКО-де неке қидыруға болады
1,680
оқылды

1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акцинерлік қоғамына беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы Әділет департаменті өкілі Жанар Бейсенованың айтуынша, ХҚКО-да азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтердің барлық түрі көрсетіледі.

"Қазақпараттың" дерегінше, азаматтар барлық мемлекеттік қызметті бір жерден «Бір терезеден» алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары бірыңғай жүйеге біріктірілді. 

«Неке қию және ажырасу, өлімді мемлекеттік тіркеу, акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін өзгерту, әкелікті (анасы екенін) анықтау, бала асырап алу қызметі бар. Сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою, бастапқы және қайталама куәлік, анықтаманы электрондық нұсқада немесе қағаз түрінде беріледі», – деді Жанар Бейсенова.