Сондай-ақ, үш жолаушы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды
1,238
оқылды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды, деп хабарлайды polisia.kz телеграм каналы.

16 мамыр күні Самара-Шымкент автожолының 824-шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан. Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

Сондай-ақ, Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.

ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.