Ол таудағы үйінде аю, арыстан асыраған.
«Твоя крыса у нас» – құлдыққа түскен әйел полицей қылмыстық топ жетекшісіне хабарласқанын айтты
17,611
оқылды

Алматыда қылмыстық топтан 133 үй, 11 жер телімі, 35 автокөлік тәркіленді. 

Бұл – ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарынан тәркіленген дүние. Қаржы мониторингі агенттігі байлықтың бірсыпырасын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

КТК арнасының хабарлауынша, тергеу кезінде ақшалай 9 миллион доллар да тәркіленген. Одан бөлек, Қоспаев ешқандай ресми құжатсыз Алматы облысының аумағында зәулім сарай тұрғызған. Қала сыртындағы жекежайда бассейн, фитнес орталық, кинотеатрды айтпағанда, үйінің ауласын нағыз хайуанаттар бағына айналдырыпты. Ол жерде асыл тұқымды жылқылардан бастап, арыстан, аюға дейін жүр. 

Жалпы ұйымдасқан топтың жымысқы әрекеттерінің кесірінен келген шығын көлемі 4 млрд 600 мың теңгеге жуық. Қоспаев пен оның сыбайластары қол астына жұмыс істеген адамдарға жылдар бойы жалақы бермей, зорлық көрсетіп, ешқайда шығармаған дейді агенттік тергеушілері. 

«2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін Шалин зорлап келді. Қанша жерге қашып кеттім. Үш қалаға. Ұстап алып келеді. Үшінші қашқанымда Медеу ауданына барып арыз жаздым. Медеу ауданының полицейлері шығып, Елдос Қоспаевқа телефон соғып: «Твоя крыса у нас» деген. Мен солардың үстінен арыз жазған едім.  Мені қинап ұстады. Сөйтіп, бес жыл өмірім психологиялық күйзелісте болды», – дейді Қоспаевтың үй қызметшісі.

Күдікті Елдос Қоспаев пен оның сенімді серіктестеріне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топ 11 адамнан құрылған. Оның бесеуі қазір қамауда. Жетекшісі Елдос Қоспаевпен бірге алты адамға халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыстық топ Алматының кәсіпкерлерін қорқытып-үркіту арқылы бизнесін тартып алумен айналысқан. 

Алматы мен Ақтауда алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сатумен айналысатын ірі компанияларды бопсалап, кірістерінің бірнеше пайызын иемденген. Олар заңды белшесінен басып, қыруар табысқа кенеліп отырған.