Күдіктілер оқиға орнынан қашпақ болған.
Шымкентте есірткі тасымалдаған күдіктілер полицейлерге оқ атты
998
оқылды

Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі тасымалына тосқауыл қойды. Күдікті екі ер адамның ізіне түсті. Ұстау барысында олардың бірі тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, аэрозольді тапаншадан екі рет ауаға оқ атқан. 

Жедел уәкілдер қоян-қолтық ұрыста күдіктілерді дер кезінде қарусыздандырды. Сондай-ақ жалдамалы пәтерді тінту барысында полиция қызметкерлері шкаф ішінен әртүрлі дозаларға бөлінген 4 дана полиэтилен пакетке салынған орамалар мен тапанша тәркіледі. 

Ал ұсталған күдіктінің қалтасынан 4 полиэтилен орамаға салынған 31 грамм есірткі табылды. 

ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) және 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. 

Күдіктілер қамауға алынды.