Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Тоқаевты Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қарсы алу сәтінен видео жарияланды
442
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды, – деп хабарлайды Ақорда.

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Оның барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барды.