Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Бельгия – Қазақстан» достық тобы­ның төрағасы Тим Ванденпут бастаған Бельгия Парламенті депутаттары делегациясымен кез­десті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Парламентаралық әріптестікті дамытуға мүдделі
1,227
оқылды

Мәулен Әшімбаев Бельгия Қазақстанның Еуро­палық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Сенат төрағасы парламент­аралық деңгейде, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты.

«Біз парламентаралық байланыстардың қарқынды дамуына мүдделіміз. Екі елдің Парламенттерінде достық топтары табысты жұмыс істеуде. Олар біздің ынтымақтастығымызды дамытудың маңызды тетігі. Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ас­сам­блеясы мен Парламентаралық одақ алаңдарында бель­гиялық әріптестерімен өзара әрекеттесуге де мү­д­делі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы бельгиялық әріптес­теріне Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар  тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде Тим Ванденпут Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси трансформацияның, сондай-ақ еліміз­дің халықаралық ұйымдармен ынтымақтас­тығының тиімділігін атап өтті. Парламентарий өз тарапының ин­вестициялық және көлік-логистикалық жобаларды дамытуға және парламентаралық ынты­мақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.