17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйден шығып, қайта оралмады.
"Телефонын ломбардқа тапсырған": Оралда 17 жастағы бозбала үш күннен бері табылмай жатыр
2,447
оқылды

Орал қаласында жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы “Мой город” порталы хабарлады.

17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйден шығып, қайта оралмады. Жасөспірімнің анасы оның Зачаганск ауданындағы үйден шығып, ескі әуежай жақтағы ағасының үйіне бара жатқан жолда жоғалып кеткенін айтады.

"Ұлы бір рет үйден кетіп қалды, бірақ ол кезде бәрі ойдағыдай болды. Ол ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде есепте тұрған жоқ, денсаулығында да кінәрат жоқ. Жоғалғаннан кейін полицияға арыз жаздық", – деді анасы.

Полиция Бибол телефонын ломбардқа тапсырғанын анықтаған. 

Жоғалған күні Бибол қоңыр шалбар мен үстіне қара киім киген. Жігіттің бойы – 175 сантиметр, арық денелі.

Бибол Айболұлының қайда екені туралы қандай да бір ақпарат  болса, 8 (747) 384-91-39 немесе 102 телефоны бойынша хабарлау сұралады.