Өз сөзінде сенатор БАҚ қазіргі заманда ерекше әлеуметтік мәнге ие және қоғам коммуникациясының маңызды бөлігі екенін атап өтті.
Нұртөре Жүсіп журналистермен мерзімді баспасөздің даму перспективаларын талқылады
956
оқылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Маңғыстау облысында болып, облыстық «Маңғыстау» қоғамдық-саяси газетінің 50 жылдығын мерекелеу аясында өткен «Журналистердің қоғамдағы рөлі және дамуы» тақырыптарындағы семинар-тренингтерге қатысты.

 

Өз сөзінде сенатор БАҚ қазіргі заманда ерекше әлеуметтік мәнге ие және қоғам коммуникациясының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамды ұйымдастырушы, біріктіруші, топтастырушы және оны тәрбиелеуші ретінде ​​қоғамдық-саяси рөл атқарады.

«Қазіргі күрделі жаһанданған әлемде бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық мәдениеттің пайда болуы мен дамуында шешуші рөл атқарады. Тағы бір маңызды фактор – БАҚ өнердің және кей сәттерде ғылымның даму доминанттарын анықтайтын негізгі күш болып саналады», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, шара барысында парламентарий Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан «Маңғыстау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің екі журналисіне алғыс хат табыс етті.

Бұл ретте депутат палатаның қызметіне, атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған заңдарды атап өтті. Сенатор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға кеңінен тоқталды.

Нұртөре Жүсіп «Маңғыстау Медиа» ЖШС қызметімен де танысып, сонымен қатар газет басшылығы мен қызметкерлерімен баспасөзді одан әрі дамыту бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.