Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады
TikTok-та полицейлерді балағаттаған ер адам қамауға алынды
Іс әлеуметтік желілердегі жала жабу бойынша есепке алынып, сотта қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ол TikTok әлеуметтік желісінде былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

 

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады. 
"Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен азамат ҚР ӘҚБтК 73-3 бабының 2-бөлігі "Жала жабу" (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-баптарында  "Ұсақ бұзақылық" (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.