Атырау қаласы Әйтеке би көшесі б мекенжайында орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан
Атырауда пәтерден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

19 мамыр күні сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесі б мекенжайында орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған үйге Атырау қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторлары Самалбек Бегалиев пен Асыланбек Жолай оқиға орнына дереу келіп, өрттің үшінші қабаттан шығып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, адам өміріне төнген қауіпті бірге ауыздықтаған.

Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден екі зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде төрт нәресте бар) мен 13 пәтер тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды.