7 баланың жағдайы тұрақты
Алматы облысында 10 оқушы астан уланып қалды
1,201
оқылды

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті.

«19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті. Олар Байтерек ауылындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті. 7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.